19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Жексенбі күні Вашингтондағы Ақ үйде аздаған дүрбелең болды: күзет қызметкерлері белгісіз ұнтақты тауып алып, АҚШ президенті аппаратын шұғыл эвакуациялауға тура келді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.
Америкалық пресса сейсенбі күні жазғандай, табылған ұнтақ кокаин болып шықты.
АҚШ Құпия қызметінің баспасөз хатшысы Энтони Гульельмидің ВВС-ге айтуынша, белгісіз ұнтақ жексенбі күні кешке тоғыздар шамасында табылған және Ақ үй қауіпсіздік мақсатында жабылған.
Президент күзеті дереу өрт сөндірушілерді шақырып, олар ұнтақтың қауіпсіз екенін анықтады.
Соған қарамастан, ұнтақ қосымша талдауға жіберілді. Қазіргі уақытта оның Ақ үйге қалай жеткізілгенін анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.
Президент Джо Байденнің өзі жексенбі күні Ақ үйде болған жоқ. Ол Кэмп-Дэвид резиденциясында еді.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары