Бүгiн, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікСәнді әрі күнделікті киюге ыңғайлы гардеробты қандай киімсіз елестету мүмкін емес? Бұл сұрақтың жауабы жыл мезгіліне қарай өзгеріп отырады. Жазда – зығыр матадан тігілген жейде, маусымаралық кезеңде – әмбебап тренч пен лофер аяқ киімі, ал күн суытқанда тоқыма шалбар гардеробтағы ең қажетті киімнің біріне айналады.
The Symbol басылымының жазуынша, тоқыма шалбар денені жылы ұстайды, түрлі жағдайға оңай үйлеседі әрі кез келген стильге жарасады. Ал түсіне келсек, әмбебап реңктердің ішінен сұр түске басымдық берген дұрыс. Өйткені ол кез келген образға үйлесіп, әртүрлі жағдайда сәнді көрінеді.
Қандай үлгілерге назар аудару керек?
Сұр түсті қалың шалбар осы маусымның басты сән трендтерінің бірі болғандықтан, оны таңдауға мұқият қараған жөн. Ең алдымен, шалбардың пішіні мен қонымына назар аударыңыз.
Қазір кең балақты палаццо шалбарлары ерекше танымал. Оларды жұмысқа да, серуенге де, театрға да, тіпті кездесуге де киіп баруға болады. Мұндай үлгілер әртүрлі дене бітіміне жарасады. Сонымен қатар, артық детальдарды көзге түсірмей, сымбатты көрсетеді.
Палаццо шалбарын үйлестіру де қиын емес. Оны бір түсті жакетпен, кашемир кардиганымен немесе жұқа водолазкамен кисеңіз, сәнді әрі жинақы образ қалыптастырасыз. Сондай-ақ джоггер шалбарларын да назардан тыс қалдырмаған жөн. Спорттық стиль сән әлемінде қайтадан танымал болып жатқандықтан, мұндай үлгілер күнделікті киім үлгісіне жақсы үйлеседі.
Егер кең балақты шалбар ұнамаса, денеге сәл қонымды үлгілерге назар аударуға болады. Мәселен, сигарет үлгісіндегі шалбарлар – осы маусымның өзекті трендтерінің бірі. Әсіресе, денеге қонымды киім үлгілері қайта танымал бола бастаған тұста мұндай шалбарларға сұраныс артып келеді.
Бүкпесі ұқыпты тігілген немесе артық әшекейі жоқ, классикалық белі бар қарапайым үлгілерді таңдауға болады.
Ал ешқашан сәннен қалмайтын классикалық нұсқа – тік балақты шалбар. Бұл – бірнеше рет киіп, түрлі образбен үйлестіруге болатын әмбебап киім. Егер мұндай үлгі тым қарапайым көрінсе, оны аксессуарлармен толықтырыңыз. Мысалы, жалпақ белдік, жібек орамал немесе шалбардың белдігіне тағылатын сәндік брелоктар образға ерекше сипат береді.
Сұр түсті жүн шалбарды немен үйлестіруге болады?
Мұндай шалбарды сан түрлі киіммен үйлестіріп, әр жағдайға сай образ жасауға болады. Мысалы, кеңсе дресс-кодына сай киінгіңіз келсе, шалбардың түсіне сәйкес келетін денеге қонымды жакет пен үлкен сөмке таңдаңыз. Бұл жинақы әрі іскерлік образ қалыптастырады.
Ал кешкі асқа немесе достарыңызбен кездесуге бара жатсаңыз, жағасы биік жылы жемпір киіп, образды ірі алқамен, ерекше былғары қолғаппен және жасанды үлбірден жасалған мойын орағышпен толықтыруға болады. Көрмеге немесе мәдени іс-шараға баруды жоспарласаңыз, дөңгелек жағалы джемпер мен ішінен киілетін ақ мақта жейде жақсы үйлеседі.
Қысқасы, сұр түсті тоқыма шалбар – қысқы гардеробтағы ең әмбебап киімдердің бірі. Оны дұрыс үйлестірсеңіз, күнделікті серуеннен бастап іскерлік кездесуге дейін әртүрлі ортада киюге болады.
Бүгiн, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер