Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыДженнифер Лопестің Астанадағы концертіне билеттер 11 сәуірде сатыла бастайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Астана Концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасеновтің айтуынша, билеттер сағат 11:00-ден бастап сатылады.
Билеттерді қайта сату және басқа да алаяқтықты болдырмау мақсатында әлемдік тәжірибе негізінде жүйе қолданылады. Алдымен ваучер сатылады. Ал бірегей QR код концертке үш күн қалғанда беріледі. Бір адам ең көп дегенде 4 билет қана ала алады, бір аккаунт, бір ғана банк картасымен, - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
«Астана Концерт» өкілінің айтуынша, 15 мыңға жуық турист келеді, қонақ үйлерден, мейрамханалардан, көліктен, бөлшек саудадан 6,5 млрд теңгеден астам, сондай-ақ концертті өткізуден 400 млн теңге тікелей салықтық түсім түседі деп күтілуде.
Дженнифер Лопестің концерті 1 тамызда «Астана Арена» стадионында өтеді.
Мұндай деңгейдегі коммерциялық концерт елімізде алғаш рет өткізілмек, - деді Мәлік Хасенов.
Концертте бұрын-соңды болмаған қауіпсіздік шаралары қабылданады.
Билеттің құны 40 мыңнан 150 мың теңгеге дейін, сахнаның алдындағы орындар – 180 мың теңге.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді