Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҮкімет отырысында «Астана концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасенов Астанада өтетін Дженнифер Лопестің концерті туралы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
1 тамыз күні «Астана Арена» стадионында әлемге әйгілі әншінің концерті өтпек. Хасеновтің айтуынша, бұл – Орталық Азияда толықтай коммерциялық негізде ұйымдастырылып отырған алғашқы ірі концерт.
Дженнифер Лопестің келуі — Астананың әлемдік гастрольдік картаға енуіндегі маңызды қадам болады, – деді ол.
Концертке 15 мыңнан астам шетелдік турист келеді деп күтілуде.
Іс-шараның қала экономикасына әкелетін үлесі 6,5 млрд теңгені құраса, 400 млн теңгеден астам тікелей салық түсімі жоспарланып отыр — оның басым бөлігі (қонақүй, мейрамхана, тамақтану қызметтері) арқылы түседі.
Оқиғалық туризм – бұл жай ғана ойын-сауық емес, ол қуатты экономикалық құрал әрі инвестициялық магнит. Қазақстанда осы салада өңірлік көшбасшы болуға барлық мүмкіндік бар. Негізгі мақсат – Астананы Орталық Азиядағы оқиғалық туризмнің басты орталығына айналдыру, – деді Мәлік Хасенов.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді