20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекӘлемге әйгілі поп-жұлдыз Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертінде қазақ әндері де шырқалатын болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Дженнифер Лопестің командасы қазақстандық «Формат» тобына концертте өнер көрсетуге ұсыныс білдірген. Бұл туралы топтың солисі Қайрат Баекенов Instagram парақшасында қуанышты жаңалығын жеткізді.
Бізге Джей Лоның концертіне қатысып, өнер көрсетуге ұсыныс түсті. Ең қызығы бұл ұсыныс біздің ұйымдастырушылардан емес. Дженнифер Лопестің командасы әр елде өтетін концерт алдында жергілікті әртістерді мұқият зерттеп, өз стиліне сай таланттарды өзі таңдайды екен. Мұндай әртістерді олар «support artist» деп атайды. Сол үміткерлердің арасынан бізге тоқталған сияқты. Ендеше, сахнада ең үздік әндерімізді орындаймыз. Ал сіздер қандай әнімізді естігіңіз келеді? Пікірге жазыңыздар. Сіздердің қолдауларыңыз біз үшін аса маңызды, - дейді әнші Қайрат Баекенов.
Айта кетейік, америкалық поп-музыка жұлдызы Дженнифер Лопес осы жазда өзінің Up All Night әлемдік турнесі аясында Қазақстанның екі қаласында концерт өткізеді. Концерт 1 тамыз күні Астанада, 10 тамыз күні Алматыда өтеді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?