Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыДүниежүзіндегі ғылым, техника, мәдениет, өнер салаларында әлемді мойындатып жүрген этникалық қазақтар Астанада бас қосты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Форум – шетелдегі этникалық қазақтармен өзара байланысты жетілдіру және олардың еліміздің тұрақты дамуына үлесін қосу жолдарын қарастыратын жаңа форматтағы басқосу алаңы.
Форумға шетелдегі 200-ден астам қазақ ұйымдарының басшылары, белсенді және танымал тұлғалармен қатар, отандық ғылым, білім, мәдениет, спорт, бизнес, медиа, саясат, қоғамдық ұйымдар және басқа да салалардың көрнекті өкілдері мен белгілі қайраткерлер қатысты.
Форумда этникалық қазақтардың және отандастардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі, қандастардың бастамаларын қолдау, қазақ мәдениетін насихаттау мәселелері көтерілді. Сондай-ақ этносаралық татулықты нығайту, мәдениеттің ұлттарды жақындастырудағы рөлі талқыланды.
Форумға әлемді мойындатқан қазақ нейрохирургы Нұрбек Бабанұлы, Қытайдағы танымал актриса Жанар Сағат, Моңғолияның Ұлттық академиясының академигі Бакей Ағыпар сияқты әлемдік ғылым, білім, мәдениеттің дамуына үлес қосып жүрген қазақтар қатысты.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді