Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПремьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мобильді аударымды пайдаланатын кәсіпкерлерге ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өздеріңіз білетіндей, 2022 жылғы наурыздан бастап "төлемдер және аударымдар туралы" заң "мобильді төлем" ұғымымен толықтырылды. Ол дегеніміз – QR-кодты қолдана отырып, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасы немесе POS-терминалы арқылы қабылданатын қолма-қол ақшасыз төлем. Біз бұны былтырдан бері айтып келеміз. Қазіргі кезде мобильді аударымға бөлек есепшот ашқан кәсіпкерлер бар. Оларға қатысты ешқандай шара қолданылмайды. Ал осы жүйеге көшпеген кәсіпкерлерге біршама уақыттан кейін мәселе қойылады, - деді Ерұлан Жамаубаев.
Сондықтан аударымдардың қайсысы жеке мақсатқа, қайсысы бизнеске арналғанын ажырату үшін кәсіпкерлерге екі шот ашу ұсынылады.
Қазір ешқандай айыппұл болмайды. Ал 2025-2026 жылдары біз ондай кәсіпкерлерді анықтап, салық төленбеген жағдайда айыппұл салынады. Заң талабын ұмытпау керек, кез келген кәсіпкер салық төлеуге міндетті.Мемлекеттік кірістер комитеті ақпарат жинайды.
Ол Kaspi нөмірін іліп қойған кәсіпкерлерге ескерту жасалатынын айтты. Бірақ барлығын тексеріп шығу қиын деп отыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді