19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Дәрігер-диетолог сатып алынған тұшпараны тым көп жеудің қаншалықты зиян екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Антонина Стародубованың сөзіне қарағанда, тұшпара пайдалы тағам емес. 100 г өнімде орташа есеппен 289 ккал бар. Сонымен қатар сарапшы барлық жартылай фабрикаттардың құрамында тұз бен қаныққан майлар тым көп екенін атап өтті.
Дәрігер тұшпара майға қуырылғанда немесе майонез сияқты тұздықтар қосылғанда калория мөлшері едәуір артады дегенді алға тартады. Бұл өз кезегінде жүрек пен қан тамырлары проблемаларына әкелуі мүмкін. Ал оның салдары онкологиялық аурулар, гипертония, семіздік, екінші типтегі қант диабеті қаупін тудыруы әбден мүмкін.
Бірақ бұл тұшпарадан толықтай бас тарту керек деген сөз емес. Ара-тұра 200-250 г жартылай фабрикаттар пайдаланудың зияны жоқ.
Сонымен қатар дәрігер қазірдің өзінде қайнатылған тұшпараны тұз бен майлы тұздықтарсыз пісіруді, буға пісіруді ұсынады.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары