Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыТүркістан облысы Келес ауданында тұрмыстық техника дүкенінің сатушысы келушілердің атынан несие рәсімдеп, өзіне тауар алып отырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полицейлер жедел-іздестіру іс-шарасы барысында екі алаяқтық қылмысына қатысы бар 24 жастағы тұрғынды ұстады.
Күдікті жас сауда үйінде сатушы болып жұмыс жасаған. Ол дүкенге келген тұрғынға сатылымда тұрған тұрмыстық техникаларды тауарлық несие жолымен алуға көмектеспек болған. Алайда клиенттің банк қосымшасын тартуға телефоны жарамсыз болғандықтан күдікті жігіт қосымшаны өзінің ұялы телефонына жүктеп, тауарлық несие алып берген.
Кейінірек жас жігітте теріс пиғыл туындап, телефонында сақталған жәбірленушінің банк қосымшасын пайдаланып, жеке мәліметтері арқылы тағы да 700 мың теңгенің тауарын несиеге алған деп хабарлады облыстық полициядан.
Тексеру барысында бұдан бөлек күдікті жігіттің дәл осыған ұқсас тағы бір алаяқтық жайтына қатысы бар екені анықталған.
Оқи отырыңыз:
Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды