10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТүркияның Алания қаласында зияткерлік ойын деп танылған «64» шаршылы дойбыдан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің хабарлауынша, жарысқа Қазақстан, Ресей, Болгария, Беларусь, Қарғызстан, Африка, Франция, Замбия, Чехия, Германия, Өзбекстан, Әзербайжан, Румыния, Түркия мемлекеттерінен келген 200-ге жуық дойбы шебері қатысты.
Әлем елдерінің дойбышыларының басын біріктірген додада республикалық жарыстардың 6 дүркін чемпионы, елордалық Іздәш Айзере бақ сынап жүлделі оралды.
Мен әлем чемпионатына бірінші рет қатыстым. Жаһандық дода өте жақсы өтті. Бірақ бұл орынды алу маған оңайға соқпады. Бұл жарыс үш номинацияға бөлінді. Ол классика, рапид және блиц. Бірінші блицтен жарыс өтті. Алғашқы ойнаған қарсыласым Диана Андреева болды. Қарсыласым болғанына қарамастан маған мотивация берді. Келесі ойын рапид болды. Бұл номинацияда үшінші орын алып келдім. Ал классика аздап қиын болды. Басқа қарсыластарымнан осал түсіп қалдым. Бірақ мен үздік ондыққа кірдім. Мен енді келесі үлкен жарыстарда бірінші орын аламын деп сенемін, - дейді әлем чемпионатының қола жүлдегері Айзере Іздәш.
Дойбының рапид түрінен 11 жасқа дейінгі қыздар арасында сынға түсіп, қола жүлдегер атанған Айзере Іздәшті Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы айтулы жетістігімен құттықтады.
Еліміздің атын әлемге танытып, байрақты бәсекеде қарсыластарына дес бермей 21 ойын өткізіп, үздік үштік қатарынан көрінген Айзерені айтулы жеңісімен құттықтаймын. Алдағы уақытта халықаралық жарыстарда тек жеңіске жетуіне тілектеспін! - деді қалалық спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді