20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТүркістан облысы Қазақстан халқы асамблеясының ұйымдастыруымен Рождество мерекесіне орай іс-шара өтті.
Жиынның алғашқы бөлігі тағамдар жәрмеңкесі мен қолөнер шеберлерінің бұйымдарынан құралған көрмемен басталды.
Сонымен қатар баларға арналған зімбір өнері бойынша шеберлік-сыныптары да ұйымдастырылды. Одан бөлек жас әртістердің жасыл шырша маңындағы қойылымдарында Аяз ата мен Қарша қыздың сыйлықтары үлестіріліп, жаңа жылдық киім үлгісі бойынша дефиле және марапаттау рәсімімен жалғасты.
Балалар айтулы мерекеге жаңа жылдық костюмдерін киіп, өнерлерін көрсетуге зор дайындықпен келіпті. Мерекеге арналған шара концерттік бағдарламамен ұласты.
Салтанатты жиынға қатысқан Түркістан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары - хатшылық меңгерушісі Ғани Рысбеков өз сөзінде осы күннің православ христиандары үшін орны ерекше екендігін атап өтіп, айтулы мерекемен жиылғандары құттықтап, игі тілегін арнады.
Сонымен қатар сахна төріне шыққан Түркістан облысы славян мәдени орталығының төрайымы Марина Лимаренко бүгінгі күннің тереңде жатқан тарихына тоқталды.
Христиан мерекелерінің біріне айналған кеште лоторея ойындары ойнатылып, әуезді әндер айтылып, ұлттық билер мен аспаптарда ойнаған шығармашылық ұжым көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?