Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыДональд Трамп ант қабылдап, ресми түрде АҚШ-тың 47-ші президенті ретінде қызметіне кірісті, деп хабарлайды forbes.ru сайтына сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Вице-президент лауазымына Джеймс Дэвид Вэнс тағайындалды. Инаугурацияға бұрынғы президент Джо Байден қатысу туралы шешім қабылдаған. Еске салсақ, Трамп төрт жыл бұрын Байденнің инаугурациясына қатысудан бас тартқан болатын.
Президенттік қызметке кіріскеннен кейін Дональд Трамп Байден Байденнің шешімдерін жоятын ондаған жарлыққа қол қоюды уәде еткен болатын. Ол АҚШ-Мексика шекарасында "төтенше жағдай" жариялауы, Аляскадағы мұнай мен газ өндіруге тыйымды алып тастауы және федералды үкіметте әртүрлілік, теңдік және инклюзия қағидаларын енгізуден бас тартуы мүмкін.
CNN деректеріне сәйкес, Трамп алғашқы күні 100-ден астам жарлыққа, ал Reuters мәліметінше, 200-ден астам жарлыққа қол қоюы ықтимал.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді