Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстан қаржыгерлері қауымдастығы ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамына қатысты болжамын өзгертті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сарапшылар доллар бір жылдан соң 573 теңге болады деп есептейді. Бұған дейінгі болжам 548,5 теңге еді.
Бұған қоса, қауымдастық теңгенің бір айдан кейінгі бағамына қатысты болжамын да 523,4 теңгеден 541,7 теңгеге дейін көтерді.
Қаржыгерлер ұлттық валюта бағамының нашарлауын нарықтағы өте күшті әрі негізсіз ауытқулармен байланыстырып отыр. Бұған қоса, ішкі нарықта шетел валютасына сұраныс артқан. Оның үстіне шикізат нарығындағы баға тұрақсыз болып тұр.
Мұндай жағдайлар Ұлттық банкті ақша-несие саясатын қатаң ұстауға мәжбүрлейді. Қаржы қадағалаушы мекеме сол арқылы инфляциялық қысымды шектеуге тырысады. Оның үстіне, қаржыгерлер қауымдастығы базалық мөлшерлемеге қатысты болжамын 14,75%-дан 15,25%-ға дейін көтеріп отыр. Ал шынайы мөлшерлемі қазіргі 4,7%-дан 4,9%-ға дейін артуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, шілденің аяғында доллар бағамы 550 теңгеге дейін көтерілген. Содан кейін Ұлттық банк 125,6 млн долларға интервенция жүргізуге мәжбүр болған.
Бұған дейін мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл Қазақстанда қаржы заңнамасын реформалаудың үлкен пакеті дайындалып жатқаны туралы жазған болатынбыз.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?