19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының бас бапкері Дмитрий Карпов спортшылардың Париж Олимпиадасына дайындығы туралы қысқаша баяндады. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жазғы ойындар алдындағы соңғы жаттығу жиынын қазақстандық атлеттер Алматы облысында өткізіп жатыр. Олимпиадалық даярлау орталығының базасында толыққанды жаттығуға барлық жағдай жасалған.
Спотшылармен бірге жаттықтырушылар, физиотерапевт пен дәрігер де жиынға қатысуда. Сондай-ақ, атлеттер қажетті құрылғылармен қамтамасыз етілді. Жаттығу әр бапкердің жеке жоспары бойынша ұйымдастырылуда.
Біздің команда Парижге 29 шілде күні Алматыдан ұшып кетеді. Олимпиададағы басты мақсатымыз – жақсы нәтиже көрсетіп, жарыстың финалына шығуға және жүлде алуға ұмтылу, - деді Карпов.
Айта кетелік, 2024 жылғы Париж Олимпиадасына жеті қазақстандық жеңіл атлет жолдама алды.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары