Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚазақстан полициясы жартылай ауыр салмақтағы бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволға іздеу жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ол қазақстандықтар туралы әлеуметтік желіде айтқан балағат сөздерімен елдің наразылығын тудырған болатын.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу санкциясы берілген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеудің мүддесіне сай өзге деректер жарияланбай отыр.
Еске сала кетсек, қазан айының екінші жартысында Екатерина Бивол әлеуметтік желіде тараған бейнероликтерде қырғыз және қазақ халқын қорлап, дөрекі және арандатушылық сипаттағы сөздер айтқан. Бұл жазбалар қоғамда үлкен резонанс туғызып, халықаралық деңгейде сынға ұшырады.
Бұған қоса, Қырғызстан соты да 27 қазанда Екатерина Биволға қатысты ұлтаралық араздықты қоздыру бабы бойынша қамауға алу туралы ордер берген.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер