20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМәжіліс депутаты Констатин Авершин Қазақстан қарулы күштеріндегі жағдайдан халық хабардар болуға тиіс екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, «диван сарапшылары» Қазақстанның қарулы күштері жөнінде түрлі пікір айтып жүр. Сондықтан бұл мәселені Қорғаныс министрлігі қолға алып, жауапкершілікпен қарауын сұрады.
Халық Қазақстан қарулы күштеріндегі істің мән-жайынан хабардар болуға тиіс. Бұл ұлттық қауіпсіздік пен әскерге шақырушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей байланысты. Себебі, олар да біреудің баласы, ағасы мен туысы, - деді депутат.
Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, «Қазақстанның жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» заңға әскери бөлімдерде тиісті әскери-дәрігерлік комиссияны өткеннен кейін әскерге шақырылмаған азаматтарды мерзімді әскери қызмет өтеу шарттары негізінде ерікті тәртіппен әскерде болу мүмкіндігін қарастыру керектігіне тоқталды.
Сонымен қатар, әскери қызмет жөніндегі ақпарат тарату үшін блогерлер, журналистер, қоғамдық пікір көшбасшыларына мүмкіндік беру керегін айтты.
Менің ойымша, бұл олардың дүниетанымын өзгертеді. Осылайша, әскери қызмет туралы ақпарат тарататын тұлғалардың жауапкершілігі де артады. Сондай-ақ бұл шара қандайда бір жағдайға байланысты отан алдындағы борышын өтемеген, қолына қару ұстамаған адамдарға алғашқы әскери дайындықтан өтуге мүмкіндік береді, - деді Константин Авершин.
Депутат Қорғаныс министрлігіне осы мәселені қарауды, нормативтік-құқықтық актілерге, Қорғаныс министрлігінің бұйрықтарына тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар дайындауды, қажет болса, азаматтардың әскери жиындардан өтуіне қатысты жаңа бұйрықтар әзірлеуді ұсынатынын атап өтті.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?