28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАбай облысы Семей қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Маратов Нұрлыхан мен 8 сынып оқушысы Темірбаев Темірлан туристерге арналған мобильді қосымша жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мобильді қосымшаның атауы - Discover Abai. Біз жайлы саяхаттауға мүмкіндік береміз, әрі туристерге жаңа жерлер көріп, қазақ тілін үйреніп, жергілікті мәдениетпен танысуға көмек береміз», - дейді Нұрлыхан
Айта кету керек, дәл осы қосымшаны оқушылар республикалық хакатонда қорғап, бас жүлде иеленді.
Қазақ, орыс және ағылшын тілінде қолдану мүмкіндігі бар қосымшаға тіркелуге болады. Пікір қалдыру, кері байланыс, басқа профильдерді қарау мүмкіндіктері де қарастырылған. Туристерге ыңғайлы болу үшін қосымшаға карта орналастырылған: пайдаланушы белгілі бір объектінің орналасқан жерін оның мекен-жайын басу арқылы біле алады. Туристер үшін қазақ тілі сабақтары, Абай облысынан шыққан белгілі тұлғалардың өмірбаяндары, ұлы Абайдың өлеңдері бар.
Жобаның клиенттік бөлігі React Native кітапханасын қолдана отырып, JavaScript - те жасалған. Ал оның артықшылығы - JavaScript-тегі код Android Және iOS жүйелерінде жұмыс істейді. Яғни, әр амалдық жүйе үшін бөлек код жазудың қажеті жоқ. Сонымен қатар, технологияның бұл жиынтығы жобаны масштабтауды және сынауды жеңілдетеді, - дейді Темірлан.
Алдағы уақытта қосымша жетілдіріліп, барлық платформаларға жүктеледі дейді оқушылар.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?