18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Бұл осы жылы «Дипломмен ауылға» жобасын іске асыруға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредитер беруге 3800 маманға қарастырылған қаражат, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ауылдық жерлерде кадрлық әлеуметті арттыру мақсатында «Дипломмен ауылға» жобасы 2009 жылдан бастап іске асырылып келеді.
Экономика вице – министрінің айтуынша 2009-2022 жылдардың қорытындысы бойынша 95 мыңнан аса маман көтерме жәрдемақы және 45 мыңнан аса маман тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредиттер алған.
Сонымен қатар Бауыржан Омарбеков ауылдағы инфрақұрылымды дамыту жұмыстары одан ары қарай жалғасын табатындығын айтты.
«Мемлекет басшысының 2022 жылы 26 қарашада №1 жарлығы қабылданды. Жарлық негізінде ауылдарды дамытудың тұжырымдамасын дайындау Үкіметке тапсырылған болатын. Осы тұжырымдама жобасы дайындалды. Осы бағытта халықтың табысының өсуі және ауылдық инфрақұрылымдық дамытуды қамтамасыз ету арқылы ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсарту және жайлы өмір сүру ортасын құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», деді вице-министр.
Осыған дейін Қазақстанда мыңнан астам тұрғын өмір сүретін 6295 ауыл бар екендігін хабарлаған болатынбыз.
Сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» жобасына биыл 143 миллиард теңге бөлінгенін мәлімдеген едік.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр