10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБұл туралы Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева Сенатта өткен «Жасөспірім қыздардың құқығын қорғау және ерте жүкті болу фактілерінің алдын алу» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол Түркістан облысына сапары барысында жасөспірімдердің бастан кешкен оқиғаларын естіп шошығанын алға тартты.
Жұмысым осы болған соң мен зорлық көрген балалармен кездесемін, сөйлесемін. Мысалы, жуырда мен Түркістан облысындағы бір орталыққа бардым. Ол орталықта жастары 13 пен 15 аралығындағы 16 қыз тұрады, бәрі босанған. Олар өз ағаларының, көкелері мен туыстарының тарапынан зорлыққа ұшыраған, - дейді Зәкиева.
Ең сорақысы, ол қыздар өздеріне зорлық көрсетіп жатқанын білмеген.
Қыздардың көбі өздері зорланып жатқанын, қылмысқа ұшырап жатқанын білмегенін айтты. Өйткені бүкіл отбасындағы балалар осылай өмір сүреді деп ойлаған. Олар бастан кешіп жатқан қасіреттерін ата-анасына, жақындарына, мектептің психологына айта алмаған, - деп қосты уәкіл.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді