7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін әйелдер арасындағы финалдық кездесулер бастады.
Аса ауыр салмақта бақ сынайтын (+80 кг) Дина Исламбекова шешуші кезеңде Альфия Тараннум Хан Патанмен (Үндістан) жұдырықтасты. Бес раунд нәтижесінде отдандасымыз басым түсті. Есеп: 5-0.
Дина бірнеше күн бұрын жартылай финалда өзбек боксшысын 5-0 есебімен жеңген. Айта кетейік, Тараннум Хан Патан – жастар арасындағы әлем чемпионы (2021 ж), Азия чемпионы (2022 ж).
Осылайша, Қазақстан әйелдер командасы Моңғолиядағы чемпионатты 2 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлдемен аяқтады. Надежда Рябец (-80 кг) алтыннан алқа тақса, Бақыт Сейдіш (-70 кг) күміс еншіледі.
Бұған дейін Әйгерім Сәттібаева (-48 кг) мен Валентина Хальзова (-75 кг) қола жүлдегер атанған.
Енді 10 сәуірде ерлер арасындағы финалдық кездесулер өтеді. Онда ел атынан 5 былғары қолғап шебері күш сынасады. Олар: Оразбек Асылқұлов (-60 кг), Төрехан Сабырхан (-70 кг), Сабыржан Аққалықов (-75 кг), Нұрбек Оралбай (-85 кг) және Айбек Оралбай (+90 кг).
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?