Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыДимаш Құдайберген Стамбұлда концерт береді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген 24 мамырда Стамбұл қаласы Бешикташ стадионында жеке концертін өткізеді.
Құрметті достар! 2024 жылдың 24 мамырында «Stranger» туры аясында Түркияның Стамбул қаласында жеке концертім өтеді. Осы кеште өнердің әсем әлеміне құштар, көңілдері ізгілікке толы, дос пейілді жандармен бірге ән шырқап, тұтас бір әлем болатынымызға сенемін! Сол үшін қуаныштымын!, - деп жазды әнші Instagram парақшасында.
Бешикташ стадионы Босфор жағалауында орналасқан. Оған шамамен 42000 көрермен сияды. Билеттер 9 ақпаннан бастап сатылымда.
Айта кетейік, 24 мамыр күні Димаш Құдайберген 30 жасқа толады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді