Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыДимаш Құдайберген Сербияда танымал түркиялық диджей Бурак Йетермен бірге өнер көрсетті. Бұл видеоны Халық әртісі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Димаш Сербияда музыкалық фестивальде өнер көрсетті. Оның қасында диджей әрі продюсер Бурак Йетер болған. Өнер иесі «Weekend» деп аталатын ортақ туындысын орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленді.
Қазақстандық әртісті сахнаға шақырарда, Йетер оны «әлемнің үздік дауысы» деп атады.
Рахмет, Сербия! Керемет түн болды, - деп жазды Димаш.
Өнер иесінің оқырманы да оған мақтауды жаудырды.
«Бұл ән көңіл күйді көтереді екен. Оның үстіне әнді мұндай сыбатты жігіт орындаса», «Димаш, сен үшін қуаныштымын», «Біз ұйықтамай сіздің өнеріңізді күттік», «Бәрі керемет болды», «Сен - ғажапсың», - деп жазды оқырман.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді