Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ереванда концерт қойып, армян тілінде ән шырқады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Stranger шоуын ұсынған отандасымыз армян халқының әні "Сарери овин мернемді" нақышына келтіре орындап, жергілікті көрермендердің ілтипатына бөленді.
Тау халықтарына арналған аталған ән армян ұлтының әнұранына айналған. "Тау самалы керек маған" әнін қазақ әншісінің орындауы концертке жиналған көрермен үшін таңқаларлық жағдайға баланып отыр. Олар өздерінің атақты халық әнін Димаштың орындауында естігендеріне қатты қуанышты екендіктерін қошеметтерімен білдіріп, ән аяқталғанша тік тұрып құрмет көрсетті.
Айта кететін жайт, Димаш армян халқының "Сарери овин мернемді" әніне ерекше аранжировка жасаған. Сонымен бірге, музыкалық сүйемелдеуге домбыраны қосуы армяндар үшін күтпеген жағдайға баланып отыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді