Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚарағандыда Тау-кен және металлургия қызметкерлері күніне орай көпшілікке арналған үлкен мерекелік концерт өтеді. Кештің басты қонақтары ретінде ресейлік әнші Дима Билан мен қазақстандық танымал орындаушы Қайрат Нұртас шақырылған.
Мерекелік концерт 29 тамызда Әшімов көшесіндегі жаңа алаңда ұйымдастырылады. Бағдарлама сағат 18:00-де басталады, ал көрермендер үшін кіру тегін.
Кеште кімдер өнер көрсетеді?
Концерттің басты хедлайнерлерінің бірі – Дима Билан. Ресейлік әнші сахнада тыңдарманға жақсы таныс хиттерін орындап, бірнеше буын өкілдеріне арналған музыкалық бағдарлама ұсынады.
Қазақстандық шоу-бизнес өкілі Қайрат Нұртас та кеш қонақтарының қатарында. Бұдан бөлек, сахнаға отандық орындаушылар Moldanazar мен Dequine шығады.
Ұйымдастырушылар мерекеге орай ауқымды сахна мен арнайы концерттік бағдарлама әзірлеген.
Мереке бес қалада өтеді
Тау-кен және металлургия қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шаралар Қарағанды облысының бес қаласында ұйымдастырылады. Атап айтқанда, Қарағандыдан бөлек, Саран, Шахтинск, Абай және Қаражал қалаларында да тұрғындарға арналған түрлі шаралар өтеді.
Ал Қарағандыдағы 29 тамыздағы концерт қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаздың соңындағы басты музыкалық кештердің біріне айналмақ.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары