10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыРесейдің Краснояр өлкесінде төрт баласынан айырылған отбасы тағы да қара жамылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жолы үш айлық нәресте бесігінде өлі табылды. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, сәбидің өліміне құсықтан механикалық асфиксия (тұншығу) себеп болған. Нәресте денсаулығына байланысты ешбір медициналық есепте тұрмаған. Қазір прокуратура оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу жүргізіп жатыр.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың 21 қыркүйегінде Красная Сопка ауылындағы бұл отбасында үлкен қайғы орын алды. Кешкі астан кейін екі ересек адам мен олардың төрт баласы (6, 11, 12 және 13 жаста) ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, балаларды құтқару мүмкін болмады.
Кейін тергеу уланудың себебі – әкесі үйдің барлық бөлмесіне шашып, дұрыс желдетпеген «Варан» дихлофосы екенін анықтады. Тек кішкентай терезе ғана ашық болған. Осы оқиғаға байланысты үйдің отағасына «абайсызда өлімге әкелу» бабы бойынша айып тағылды.
Трагедиядан кейін 32 жастағы Виктория дүниеге бесінші баласын әкелді. Жас ата-ана жаңа туған сәбиімен бірге сол үйден уақытша көшіп кетіп, онда жөндеу жұмыстарын жүргізген.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді