Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек1 ақпан күні Астанада Дэвис кубогы бірінші әлемдік тобының плей-офф кезеңі аясында Қазақстан мен Пәкістан арасындағы матчтың алғашқы ойын күні өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарыстың бірінші күнінде Александр Шевченко және Бейбіт Жұқаев өнер көрсетті.
Александр Шевченконың қарсыласы пәкістандық Музамиль Муртаза болды. Қазақстандық теннисші 5 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Нәтижесінде 6:2, 6:1 есебімен жеңді.
Екінші болып кортқа Бейбіт Жұқаев шықты. Ол Хузайфа Абдул Рехманға қарсы ойын өткізді. Қазақстандық спортшы бірінші сетте 6 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Пәкістандық екі мәрте қос қате жіберді. Екінші сетте Рехман ойын барысында жарақат алып қалды. Дегенмен матчты соңына дейін жалғастырды. Нәтижесінде Бейбіт Жұқаев 7:5, 6:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Қазақстан құрамасы алға шықты. Екінші жарыс күнінде Александр Шевченко/Тимофей Скатов жұптық сында Акел Хан/Музамиль Муртазамен шеберлік байқасады. Сондай-ақ жекелей сында Александр Шевченко Хузайфа Абдул Рехманмен кездессе, ал Бейбіт Жұқаев Музамиль Муртазамен өзара мықтыны анықтайды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?