19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Дэвис кубогінің плей-офф кезеңінде 16-17 қыркүйекте өтетін Болгария – Қазақстан матчының жеребесі тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бәсекенің бірінші күні 16 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 15.00-де кортқа еліміздің екінші, әлемнің 123-ракеткасы Тимофей Скатов алғашқы болып кортқа шығады.
Скатов рейтингте 179-орында тұрған Димитар Кузмановпен сынға түседі.
Жиырма минуттан кейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 29-ракеткасы Александр Бубликке кезек келеді. Ол рейтингте 569-сатыдағы Янаки Милевтің шамасын байқап көреді.
Жексенбі күні, 17 қыркүйекке үш кездесу жоспарланған. Алдымен Александр Недовесов пен Андрей Голубев Александр – Донски – Александр Лазаровпен шеберлік байқасады. Содан кейін Бублик Кузмановпен, Скатов Милевпен кездеседі.
Жеңімпаз команда алдағы жылдың ақпанында Дэвис кубогінің финалдық кезеңіне шығу үшін тағы бір қарсыласымен матч өткізеді.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары