Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекЖас сарбаз курсынан өтіп, Алматы, Жетісу және Қонаев гарнизондарындағы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қатарын толықтырған жас сарбаздар әскери ант берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл салтанатты сәтке жас жауынгерлермен бірге Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшылығы, атқарушы билік өкілдері, Қарулы күштер мен Ауған соғысының ардагерлері, сарбаздардың туыстары мен жақындары қатысты.
Ант бергенге дейін жас сарбаздар әскери бөлімнің тарихымен және дәстүрлерімен танысып, қару-жарақ пен әскери техниканың тактикалық-техникалық сипаттамаларын, мемлекеттік-құқықтық, саптық және атыс дайындығының негіздерін меңгерді.
Биыл көктемде еліміздің әр өңірінен келген жас десантшылар Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттілік мүдделерін қорғауға ант берді.
Әскери ант – Отан қорғаушысы үшін бұзылмас заң. Ант берген сәттен бастап сіздер әскери істі адал меңгеріп, жауынгерлік қызметтің қиындығына төтеп беруге міндеттісіздер. Біздің бригада – Қазақстанның Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бесігі. Бұл әскерлер – асқан ерліктің, батырлықтың және әрқашан дайын болудың үлгісі. Қызмет барысында алған білімдеріңіз бен дағдыларыңыз сіздерге пайдасын тигізіп, мінездеріңізді шыңдап, денелеріңізді нығайтады деп сенемін. Осы маңызды жолда табандылық пен сәттілік тілеймін, – деді 35-ші гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасының командирі гвардия полковнигі Бейбіт Аманқалиев.
Қонақтар үшін әскери бөлімде қарумен және қарусыз жауынгерлік әдістер көрсетілген арнайы көрсетілімдер ұйымдастырылды.
Отан алдындағы борышты өтеу – әр ер адамның қасиетті парызы. Армиядағы қызмет менің болашағымды айқындауға және тұлғалық қалыптасуыма негіз болады деп ойлаймын, – деді Алматыдан шақырылған қатардағы жауынгер Мирас Ескендір.
Ант қабылданған соң әскери бөлімдерде экскурсиялар өтті. Қонақтарға казармалар, оқу сыныптары, асханалар мен спорт залдары көрсетілді. Әскери бөлім командирлері ата-аналар қойған күн тәртібі, оқыту, тамақтану, медициналық қызмет көрсету және өзге де мәселелерге жауап берді. Сол күні сарбаздар алғашқы сейілге шықты.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес