20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖаңа оқу жылы басталған сайын ата-аналардың басты тақырыбы – баланың қай мектепте білім алатыны. Ал халық қалаулылары өз балаларының оқуына қалай қарайды, олар мемлекеттік мектепті жөн көре ме, әлде жекеменшік мектепті ме? El.kz интернет порталының тілшісі осы сұраққа жауап іздеп, Мәжіліс депутаттарынан сұрап көрді.
Бұрын білім және ғылым министрі болған, қазір Мәжілістегі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов бұл сұраққа нақты жауап бермеді.
Бұл менің жеке сұрағым, – деп қысқа қайырды депутат.
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев балаларының барлығы мемлекеттік мектептерде оқитынын айтты.
Ұлым 8-сыныпқа өтті, БИЛ деген мектепке оқуға түсті. Ал екі қызым республикалық физика-математика мектебінде оқиды. Бұл мектепке олар өздері дайындалып түсті, жақсы оқиды, бәрі өз еңбегімен жетті, – деді ол.
Депутат Самат Нұртаза үлкен ұлы жекеменшік мектепке бергенін айтты.
Менің үлкен ұлым, қателеспесем, "Зерделі ұрпақ" деген жекеменшік мектепте оқиды. Ал кіші ұлым – балабақшада, – деді депутат.
Ал Жарқынбек Амантай үшін басты критерий - мектептің үйге жақын болуы.
Балаларым 66-мектепте оқиды. Үйдің жанында болған соң осы мектепке бердім. Төрт балам да оқушы, төртеуі де сол бір мектепте оқиды, – деді ол.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?