19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қорғаныс министрлігінің қосымша білім беру мекемесі KAZCENT-те министрдің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов мәжілісмендермен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Орталықпен танысу конференц-зал мен оқу корпусынан басталды. Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан мен депутат Константин Авершинге KAZCENT қызметінің негізгі бағыттары туралы айтылды.
ҚР Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының бастығы полковник Бауыржан Нығметуллин бітімгерлік қызметті одан әрі дамыту және кеңейту туралы брифинг өткізді. Ол қазақстандық бітімгерлер қатысатын миссиялардан хабардар етіп, сұрақтарға жауап берді.
Орталықтың қызметі БҰҰ аясындағы миссияларға қатысу үшін Қарулы күштердің әлеуетін арттыру міндетін қойған Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында жүргізіледі. Сондықтан әскери қызметшілердің бітімгерлік және тілдік дайындығына аса мұқият қараймыз, - деді Бауыржан Нығметуллин.
«Бітімгер» оқу орталығына барған кезде мәжілісмендер БҰҰ-ның миссияларына қатысатын ұлттық контингентті бітімгерлікке даярлау үдерісімен, әскери қызметшілерді қару-жарақпен, әскери техникамен және мүлікпен жарақтандырылуымен танысты.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары