20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекДепутат Магеррам Магеррамов Мәжілістің жалпы отырысында зиянды тамақ өнімдеріне салық енгізуді ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, бүгінде әлемде зиянды тағамға салық салу практикасы айтарлықтай кең тараған. Соңғы он жылда мұндай салық Дания, Эквадор, Египет, Франция, Венгрия, Мексика, АҚШ және басқа да елдерде пайда болды.
Көптеген зерттеулер көрсеткендей, "қоғамдық денсаулықты қолдау салығы" өз мақсаттарына жетті. Салықтың осы түрі енгізілген елдерде азық-түлік өнімдерін өндірушілер мен сатушылардың 70%-ы зиянды және қосымша салық салынатын компоненттерді азайтты, - дейді депутат.
Ол үкімет жидек сияқты пайдалы өнімге салық енгізгенше денсаулыққа зиянды тағамға салықты көтерген дұрыс деп есептейді.
Сондықтан біз зиянды өнімдерге салықты қолдану мәселесін қарастыруды ұсынамыз, ал табысы төмен отбасыларға пайдалы өнімдерді сатып алатын ваучерлер беруді ұсынамыз. Әйтпесе, елде барлық маңызды істер мен міндеттер орындалып, тек саңырауқұлақтар мен жидектер мәселесі қалғандай, - деді Магеррам Магеррамов.
Айта кетейік, 2024 жылдан бастап елімізде саңырауқұлақ пен жидек тергені үшін салық енгізіледі. Оны дәрілік препарат жасайтын, коммерциялық мақсатта пайдаланатын кәсіпкерлер төлейді. Төлем сомасын жергілікті мәслихаттар есептейді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?