Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікБурятияда экс-депутат қызметкерінің жалақысын өзі алып отырған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бурятия Республикасының прокуратурасы хабарлағандай, бұрынғы депутат өз қызметкерінің жалақысынан заңсыз түрде 1 миллион рубльге (6 млн теңге) жуық қаражатты иемденіп, сотқа тартылды.
Атап айтқанда, Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 159-бабының 3-бөлімі (қызметтік жағдайын пайдаланып, ірі көлемде жасалған алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында бұрынғы Халық Хуралының депутаты бірнеше ай бойы өз қызметкерін әдейі алдағаны белгілі болды.
«Информ Полис» басылымының дерегінше, бұл – Халық Хуралының алтыншы шақырылымының депутаты, КПРФ мүшесі Виктор Мальцев. Ол жаңа қызметкерді жұмысқа қабылдау барысында жалақы мөлшері туралы жалған ақпарат беріп, нақты 60 мың рубль орнына тек 20 мың рубль ғана алатынын айтқан.
Осылайша, Мальцев 6 млн теңгені өз пайдасына жаратып үлгерген. Сот үкімімен бұрынғы депутат екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылып, сондай-ақ келтірілген шығынды толық өтеуге міндеттелді.
Бұған дейін Қазақстанда ерлердің жалақысы әйелдердікіне қарағанда жылдам өсіп жатқанын жазған едік.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер