Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҰлттық академиялық кітапханада белгілі заңгер, Парламент Мәжілісінің депутаты Абзал Құспанның «Алаш заңгерлері» атты кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Кітапта ХХ ғасырдың басындағы қазақ заңгерлері жайында мағлұматтар толық қамтылған. Олардың қысқаша өмірбаяны, қоғамда атқарған істері мен елдегі заң саласының дамуына қосқан үлестері толық баяндалған.
ХХ ғасыр қазақ халқы үшін қасіретті ғасырлардың бірі. Кеңестік дәуірден қалыптасқан қағидада қауіпсіздік органдарының атасы деп Ф. Дзержинскийді атайды. Тың тақырыпқа тұңғыш қалам тербеген туынды авторы қазақтан да құқық, заң ілімінің қалыптасуына, дамуына үлес қосқан талай тұлғалардың болғанын тарихи деректермен дәлелдейді.
Бұл Алашордаға, Алаш арыстарына ғана қатысты дүние емес. Алаш – қазақтың ұраны. Алаш десек – қазақ, қазақ десек – Алаш деп түсінуіміз керек. Екеуі бір ұғым. Бұл – бір. Бізде қалыптасып қалған бір дүние бар: «КСРО-ға қызмет еткен коммунистердің бәрі оңбаған, алашордалықтар мықты», – дейді. Коммунистік идеяға сеніп, сол идеологияға қызмет еткендер де сталиндік репрессия құрбаны болған жоқ па? Олардың ішінде де қазаққа жаны ашыған, Алаш идеясына адалдық танытқан тұлғалар аз болмаған. Сондықтан тек алаш ордалықтар ғана атылған жоқ, қып-қызыл коммунистер де атылып кетті. Олардың арасында қуғын көріп, сотталып келгендері де бар. Бұл кітапқа коммунистер де, ешқандай партияға қызмет етпеген тұлғалар да енген, – деді Абзал Құспан.
Бұл кітап заң саласында қызмет ететін мамандарға және ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллегенциясы тақырыбына қызығатын қалың оқырманға арналғаны айтылды. Ал жаңа кітаптың таныстырылымға елімізге танымал заңгерлер, зиялы қауым өкілдері, сала мамандары, оқырмандар қатысқан.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?