30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыДенсаулық сақтау объектілерінің 84 пайызы медициналық жабдықтармен қамтылған және олардың жартысынан көбі тозып кеткен. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тиісті кадрлармен, бірінші кезекте, аса қажет мамандармен қамтамасыз ету үшін медициналық университеттер және колледж түлектерімен бірге тәжірибелі мамандарды да өңірлерге, әсіресе ауылдық жерлерге тарту мәселесін пысықтау қажет. Көріп отырғанымыздай, жұмыстар әлі де жеткіліксіз, ынталандырудың жаңа әдістерін әзірлеу керек. Денсаулық сақтау объектілерін медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету көрсеткіші 84 пайызды құрайды. Олардың жартысынан көбі тозған, - деді премьер-министр.
Сонымен қатар денсаулық сақтау саласын цифрландыру жұмыстарын күшейту керек екенін атап өтті.
Бұл ретте алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектілеріне ерекше көңіл бөлу қажет. Өңір әкімдіктері Цифрландыру министрлігімен бірлесіп аудандық деңгейден төмен денсаулық сақтау ұйымдарын жоғары жылдамдықты Интернетке қосу процесін тездетуі тиіс. Қажетті консультацияны жедел алу үшін телемедицина мен қашықтан қызмет көрсетуді ауылдарға дейін жеткізу қажет, - деді Әлихан Смайылов.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды