19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қазақстанның ХІ Азаматтық форумы қарсаңында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтың төрағалығымен денсаулық сақтау саласындағы ҮЕҰ-мен кездесу өтті, ол ҮЕҰ-ны гранттық қаржыландырудың басым бағыттары туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шараға денсаулық сақтау саласындағы ҮЕҰ өкілдерімен қатар "Қазақстанның Азаматтық Альянсы" ЗТБ және "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы"КеАҚ өкілдері қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 50-ден астам адамды құрады.
Тимур Сұлтанғазиев кездесуге қатысушыларға ведомствоның азаматтық қоғаммен ынтымақтастығының негізгі бағыттары туралы айтып берді. Кездесудің бастамашыл қатысушылары гранттық қаржыландыруды іске асыру үшін өзекті тақырыптар бойынша өз ұсыныстарын білдірді.
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КеАҚ өкілдері үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, ұсыну, мониторингілеу және олардың тиімділігін бағалау тәртібін атап өтті. Сондай-ақ гранттық қаржыландыруды іске асыру кезеңдері түсіндірілді.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары