6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерДенсаулық сақтау министрлігі Маңғыстау облысындағы мектеп асханаларына жоспардан тыс тексеру жүргізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының мектеп асханаларында балалардың топтық улануы фактілері бойынша тапсырмасы шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі Бас прокуратурамен келісе отырып, Маңғыстау облысының білім беру мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізуде.
Денсаулық сақтау министрлігінен ведомствоаралық жұмыс тобының құрамына Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай облыстарының, Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінен және ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығынан 7 маман енгізілді.
Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы Манаш жалпы білім беретін мектебінің 12 оқушысының арасында тамақтан шыққан соңғы топтық инфекциялық ауру фактісі бойынша тергеп-тексеру басталып, санитариялық-профилактикалық іс-шаралар өткізу туралы қаулы шығарылып, әкімдіктің жанынан штаб құрылғанын естеріңізге сала кетейік.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі