1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіДенсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният сайлаудан кейін медициналық көмекті одан әрі жақсартуды күтетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
“Осы болып жатқан саяси науқандардан кейін Мемлекет басшысының қойған тапсырмасына сай қазақстандықтардың ойы тез қаралып, тез шешілуі керек. Олар біздің құжаттарға енгізілуі керек. Өткір сұрақтар болуы тиіс. Мен өзім өткір сұрақтарға қуанам. Өткір сұрақтар болған кезде зерттеу институттарының ғалымдарын жинап, сол сұрақты шешуге кірісеміз. Медициналық көмекті одан әрі жақсарту болады деп ойлаймыз. Әрбір жобаны қабылдамас бұрын халықтың қалауын бірінші орынға қою болады деп ойлаймын. Қазіргі ауылдық денсаулық саласын жаңғырту бағдарламасы да халыққа медициналық көмекті одан әрі жақындатуды мақсат тұтып отыр. Барлық жобаларға қатысты халықтың ойын білетін боламыз. Сұранысына сай әрекет етеміз. Осы Парламенттік сайлаудан осы проблемалар шешімін табады деп ойлаймын”,- деді Ажар Ғиният.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?