Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқмола облысына сапары барысында Денсаулық сақтау министрі "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасының шеңберінде салынып жатқан бірнеше ауылдық медициналық нысандарды тексерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірде бағдарлама бойынша ағымдағы жылы барлығы 38 медициналық нысан, оның ішінде 3 медициналық пункт, 21 фельдшерлік-акушерлік пункт, 14 дәрігерлік амбулатория салу жоспарланған. Аталған медициналық ұйымдар 43 мың ауыл тұрғынын медициналық көмекпен қамтамасыз ететін болады.
Ауылдардағы медицина қызметкерлерімен кездесулер барысында медициналық көмектің сапасы және өзін-өзі жұмыспен қамтыған, маусымдық қызметкерлерді МӘМС-пен қамту мәселелері талқыланды. Бұдан әрі ауылдағы жас мамандарды әлеуметтік қолдау шаралары, жалақыны көтеру және тұрғын үй жағдайларын жасау туралы сөз болды.
Министр Қараменді батыр, Төңкеріс, Ынтымақ ауылдарында ФАП құрылысын қарап, Арайлы, Нұресіл ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар тұрғызылған жерде болды.
Ауылдық денсаулық сақтау нысандарын аралау қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланған нысандарды тапсыру және ауыл тұрғындарына медициналық көмек алу үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету қажеттігі туралы айтылды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді