Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБейнеу ауданында 19 ақпан күні қоғамдық тамақтану орталығында ас ішкен 36 адам уланып, 28 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
8 адамға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаториялық ем тағайындалған.
Дәрігерлер айтуынша, ауруханаға жатқызылған науқастардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланды.
Уланғандар «Али-Ман» атты дәмханада тамақтанғаны белгілі болды. 22 ақпаннан бастап мекеменің қызметі уақытша тоқтатылды.
Науқастарды облыс орталығына тасымалдау үшін тиісті көрсеткіш жоқ. Облыстың бас инфекционист-дәрігерімен телемедицина арқылы консилиум ұйымдастырылып, тиісті ем-дом тағайындалды. Бейнеу аудандық көпсалалы ауруханасы дәрі-дәрмектердің жеткілікті қорымен қамтамасыз етілген және тағы 20 төсек орын дайындалады. Амбулаториялық ем алатын науқастарға қажетті бактерияға қарсы және симптоматикалық ем тағайындалды, дәрігерлердің жіті бақылауында. Эпидемиялық шаралар жалғасып жатыр. Ақпарат сағат сайын жаңартылып отырады, - деп хабарлады Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Жаппай тамақтан улану фактісі бойынша Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тергеу жүргізуде.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс