Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарПремьер-министр орынбасары Ермек Көшербаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында мемлекет басшысының тапсырмалары аясында денсаулық сақтаудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Вице-премьер өңірлерде заманауи ауруханалардың құрылысы және медициналық мекемелерді жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жыл сайын ана мен бала өлімі төмендеп, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жақсаруда.
Президенттің «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша тапсырмасына сәйкес 500-ден астам нысанның құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін тағы 140-тан астам ауылдық амбулаториялар мен медициналық пункттер іске қосылады. Өңірлерге сапар барысында осы нысандардың құрылыс барысымен, сондай-ақ олардың медициналық кадрлармен қамтамасыз етілуімен танысқанымды атап өткім келеді. Жалпы, ауыл тұрғындары атап өткендей, ұлттық жобаның нәтижесінде ауылдағы медициналық көмектің қолжетімділігі артып келеді, - деді Ермек Көшербаев.
Ол сондай-ақ соңғы уақытта дәрігерлер мен медбикелерге қатысты зорлық-зомбылық жағдайлары олардың кәсіби міндеттерін орындау кезінде жиілеп кеткенін айтты. Қазір мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша депутаттық корпуспен бірлесіп осындай әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылықты қатаңдату бойынша заңнамалық түзетулер пакеті әзірленді.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?