19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Шалғай жатқан елді мекендердегі тұрғындарға медициналық көмек көрсету үшін «Саламатты Қазақстан» пойызы 26 сәуірден 6 желтоқсанға дейін Қазақстанды аралайды. Кеше пойыз Құрманғазы ауданындағы Ақкөл стансасына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мұнда пойыз екі күн аялдайды. Дәрігерлік көмектен бөлек, жұртшылыққа заң тұрғысынан және құқықтық, психологиялық кеңес беріледі. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарына мемлекеттік әлеуметтік қолдау, зейнетке шығу, түрлі мемлекеттік төлемдер мен атаулы әлеуметтік көмек алу жөнінде кеңес алуға мүмкіндік қарастырылған. Бұл «Самұрық-Қазына» АҚ және «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның Әлеуметтік жобалар қоры ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен бірлесіп атқарып отырған әлеуметтік жоба.
ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның өкілі Ермек Медеубаевтың айтуынша, пойыз 8 вагоннан тұрады. Мамандардың қатарында терапевт, кардиолог, ЛОР дәрігері, невролог, офтальмолог, гинеколог, хирург, уролог, стоматолог бар. Медициналық пойызда биохимиялық талдауларды, флюорографияны, ішкі ағзалар мен тамырлардың ультрадыбыстық зерттеуін, электрокардиограмманы және диагностикалық зерттеудің басқа түрлерін жүргізуге болады.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары