Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният журналистердің «Дәрігерлік қызметте жүрген кезіңізде қателік жіберген кезіңіз болды ма?» деген сұрағына жауап берді, деп хабарлайды El.kz.
«Ең алғашқы қателігім әлі есімде. Кішкентай баланы ішек инфекциясынан емдедім. Бала енді есін жиып өзіне келе бастағанында 3 күн өткен соң баланың темпуратурасы көтеріліп, түрі солғын қалпына түсті. Мен ол кезде өзімнің әріптестерімнен көмек сұрадым. Сол кезде мен баланың ішек инфекциясын емдедім, ал балада диагнозы басқа болған екен», - деді министр.
Дәрігер ретінде орны толмас қателік жасағанымен баланың өмірін сақтап қалғанын, сондықтан дәрігерлердің жағдайын жақсы түсінетінін айтты.
Еске сала кетейік, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният дәрігерлерге берілетін жазаның күшін жеңілдетуді ұсынған болатын.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді