Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыШорт-тректен Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтіп әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Денис Никиша қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан командасының капитаны 500 метрге жүгіруден мәре сызығын үшінші болып кесті. Оның уақыт көрсеткіші - 41.525.
Алтын медальді қытайлық Шаоан Лю (41. 196)еншілесе, күміс жүлдеге кореялық И-Ра Сё (41.205) қол жеткізді.
Айта кетелік, бұған дейін Денис Никиша Қазақстан командасының мүшелерімен бірге Монреальда (Канада) өткен әлем кубогінің қола медалін жеңіп алған еді.
Ал ерлер арасында 1500 метрге жарысудан финалға шыққан Еркебұлан Шамұханов жарысты аяқтай алмады. Ол ереже бұзғаны үшін пенальти алып, айдыннан қуылды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары