Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекОлимпиадаға қатысушыларды облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жеке құттықтап, облыс кәсіпкерлері атынан бағалы сыйлықтар табыс етті.
Спортшыларды Қазақстан күрес федерациясының вице-президенті Талғат Біләлдин де құттықтады.
Аймақ кәсіпкерлері халықаралық жарыстарда туған өңірінің намысын қорғап жүрген дарынды спортшыларды қолдауға әрқашан дайын. Біз сіздермен мақтанамыз, сіздердің медальдарыңыз – бұл жай ғана спорттық жүлделер емес, олар – батылдықтың, қайсарлықтың және Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің нағыз үлгісі, -деді Марат Сұлтанғазиев. Олимпиадаға қатысушылардың жүлде қоры 24 миллион теңгені және 4 пәтерді құрады.
Облыс басшысы Алматы облысының барша кәсіпкерлері атынан Олимпиаданың күміс жүлдегері Демеу Жадыраевқа 10 миллион теңгенің сертификаты мен үш бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. Қола жүлдегер Назым Қызайбайға да облыс басшысының қолынан бизнес қауымдастығының сыйлықтары: 3 бөлмелі пәтердің кілті мен 2 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді.
Спортшылардың жаттықтырушылары да марапатсыз қалмады: Жұмақан Тұрғанбеков пен Боранбек Қоңыратов өңірлік кәсіпкерлерден 2 миллион теңгенің сертификаты мен екі бөлмелі пәтердің кілтін алды.
Сонымен қатар, Алматы облысының әкімі Париждегі Олимпиада ойындарына қатысушыларға кәсіпкерлер атынан 2 миллион теңгенің сертификаттарын табыс етті:
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?