10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы«Қазгидромет» РМК еліміз бойынша 7-9 қазанға арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Синоптиктердің болжамынша Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел соғады.
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына фронтальды учаскелер әсер етеді. Соның салдарынан еліміздің бірнеше аймақтарында найзағай ойнап, екпінді жел соғады.
Қазақстанның батысында бұршақ жаууы мүмкін. Ал республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде жауын мен бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы түнде 2-12 градус жылы болады.
7 қазанда солтүстікте кей аудандарда +1 градусқа дейін ауа температурасы төмендеп, аяз күтіледі. Күндіз солтүстік жартысында 10-20 градус, оңтүстік жартысында 15-27 градус жылы болады.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді