Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Қазгидромет» алдағы үш күнге ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Алдағы үш тәулікте батыста, солтүстік-батыста, аптаның соңында шығыста, 17-18 наурызда Қызылорда облысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі.
18 наурызда Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. 16 наурызда күндіз, 17 наурызда тәулік бойы Маңғыстау облысында қатты жаңбыр күтіледі.
Жауын-шашынсыз ауа райы 16-17 наурызда Түркістан облысында, 17-18 наурызда еліміздің солтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық облыстарында, 18 наурызда Қазақстанның шығысында болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, солтүстікте, шығыста, орталықта жаяу бұрқасын күтіледі.
Ауа температурасы республиканың оңтүстік жартысында 8-20 градус жылынуы мүмкін, солтүстік жартысында 0-8 градус жылынады деп болжанады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?