10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазгидромет демалыс күндердегі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Демалыс күндері республиканың басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады. Елдің батысында, солтүстігінде және шығысында қар, ал оңтүстік аймақтарда жауын-шашын жауады. Оңтүстік, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман және көктайғақ күтіледі.
Желдің соғуы күшейеді. Елдің батысында түнде ауа температурасы 7-18, күндіз 3-8 аязға дейін аздап төмендеуі болжануда. Елдің солтүстік жартысында, орталығында және шығысында температура түнде 15-26 градус, күндіз 5-13 градус аяз болады.
Оңтүстік аймақтарда түнгі уақытта ауа температурасы плюс мәнге жетеді, күндіз 2-10° С жылы болады.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді