22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыМәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев «Заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң жобасы аясында тәркілеу процесі қалай жүзеге асатынын айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәжіліс депутаты мониторинг және ақпаратты талдау қорытындылары бойынша уәкілетті органда құны 100 млн АҚШ долларынан асатын активтерді сатып алу көздерінің заңдылығына байланысты негізді күмән туындаса, субъекті мен оның үлестес тұлғалары реестрге енгізілетінін айтты.
Материалдарды қарау қорытындылары бойынша комиссия адамды реестрге енгізу немесе қоспау туралы ұсыныс береді. Уәкілетті орган реестрге енген азаматтарға олардың активтері туралы декларацияны тапсыру құқығының бар екенін жеткізеді. Декларацияларды тексереді және тексеру нәтижелерін Комиссияның қарауына шығарады. Соның нәтижесінде, Комиссия одан әрі шаралар қабылдау туралы ұсынымдар шығарады, - деп түсіндірді Елнұр Бейсенбаев.
Егер адам декларацияны тапсыру арқылы өз активтерінің шығу тегін растай алмаса не декларацияны табыс етпесе, мұндай активтер негізсіз байлық ретінде танылып, мемлекет кірісіне қайтарылуы мүмкін.
Адамдардың құқықтарын қорғауға, ашықтыққа кепілдік беру және азаматтық қоғам тарапынан бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Заң жобасымен: адамдардың жабық реестрі; комиссияның алқалы қарауы, депутаттар мен қоғам белсенділерінің комиссия құрамына қатысуы; адал сатып алушылар мен адал кредиторлардың құқықтары қорғалады; барлық сатыларда сотқа шағымдану мүмкіндігі бар; келісімдердің талаптарын орындаған адамдар үшін кепілдіктер беріледі, - деп толықтырды мәжілісмен.
Сондай-ақ заң жобасында арнаулы мемлекеттік қор мен басқарушы компанияның қызметі регламенттелген.
Арнайы мемлекеттік қор – қайтарылған активтерді жинақтау және өткізу үшін қазынашылық органдарында ашылған Үкіметтің қолма-қол ақшасын бақылау шоты. Басқарушы компанияның міндеттері: мемлекет атынан өзіне қайтарылған активтерді меншікке қабылдау мен заңды басқару, қаражатты арнайы мемлекеттік қорға аударуды қамтамасыз ету болып табылады, - деді Мәжіліс депутаты.
Елнұр Бейсенбаев Заң жобасын іске асыру үшін түзетулерді көздейтін төрт ілеспе заң жобасы әзірленгенін айтты: «Прокуратура туралы» Конституциялық заң; Салық кодексі (салық құпиясына қол жеткізу); Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс; өзге кодекстер мен заңдар (АК, АПК, ҚК, ҚПК, ӘРПК)
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев