6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерДәурен Қосанов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Еl.kz интернет порталы.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды, - деп жазылған жарлықта.
Естеріңізде болса, бейсенбі күні Маңғыстау облысында Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қайғылы жағдай болған еді. Белгілі болған дерек бойынша 14 әскери қызметкер толқын кезінде суға батып қайтыс болды.
Осыған байланысты 25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Каспий теңізінің акваториясында оқу-жауынгерлік тапсырма кезінде оқыс жағдайға ұшыраған әскери қызметшілерді іздеу бойынша тәулік бойы үздіксіз операция жүргізілді.
Оқиғадан кейін бір күн өткенде 25 қыркүйекте, сағат 09:15 шамасында үздіксіз жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында бұған дейін із-түзсіз жоғалған екі әскери қызметшінің – сержант Мансұр Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денелері табылды.
Сондай-ақ, әскери қызметшілердің қаза болуына қатысты іс бойынша Қорғаныс министрлігі жүйесінен 5 лауазымды тұлға ұсталды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі