22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыДепутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың ісіне қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін ол бас бостандығын шектеу жазасына кесілген, алайда ереже бұзған. Оның мейрамханада отырған видеосы желіде тарады. Осыған байланысты пробация қызметі жігіттің жазасын нақты мерзімге өзгерту үшін сотқа жүгінді.
Сотта анықталғандай, Нұрасыл шарттарды екі рет бұзған: бірінші рет мейрамханаға, екінші рет түнде караокеге барды. Екі жағдай да өзі тағатын электронды білезіктің арқасында тіркелді.
Осыдан соң пробация мәжілісменнің ұлы жазасының қалған бір жарым жыл мерзімін түрмеде өтеуі керек деп талап етті. Прокуратура бұл өтінішті құптады.
Ал сотталған жігіт пен оның адвокаты жазаны өзгертпеу туралы өтініш жасады, олардың сөзінше ереже бір рет қана бұзылған, караокеге ол қолындағы білезіктің қуаттағышын алып кету үшін барған. Себебі қуаттағышты досының көлігінде ұмытып кеткенін айтады.
Судья Қанат Әрінов кеңесу бөлмесіне аттанып, үкім 22 қазан күні сағат 10-да шығатынын алға тартты.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев